РусскийҚазақEnglish









Алматы-Қазақстан, Үнді классикалық би орталығы

"Алматы-Қазақстан, Үнді классикалық би орталығы"  өз жұмысын 2006 жылы 1 Наурызда бастады. Бұл Қазақстан мен Орта Азиядағы тұңғыш осындай орталық, халықаралық деңгейдегі және дәрежедегі коммерциялық емес мекеме.

ind7

Орталық жұмысының мақсаты-адамның табиғи және рухани дүниесін дамыту, жеке адамның шығармашылық әлеуетін ашу және бірегей үнді классикалық биі арқылы организімді сауықтыру. Асқақ элиталық өнер арқылы түрлі ұлт өкілдерінің арасында өзара түсіністік пен келісім орнату, үндінің классикалық биі Бхаратанатьям, Катхак, Дәстүрлі үнді Йогасын, Карнатик классикалық ән шырқауды,  Хинди тілін, Болливуд би стилін  оқытуға шақырады. Үндістан мен Қазақстан арасындағы мәдени байланыстарды нығайту, екі ел мәдениетінің тарихи сабақтастығы мен өзара байланысын сезіну.
Image6_640x480

Үнді классикалық би орталығының бишілер тобы Х және ХII балалар шығармашылығы фестивалінің, «Азия Дауысы», «Әнші балапан»,   «РАУАН» халықаралық фестивальдарының Дипломанттары және Лауреаттары. Олар Астанада, Қарағандыда, Теміртауда, Семейде, Шымкентте, Ақтөбеде, Өскеменде және Қазақстанның басқада қалаларында үндінің классикалық және халық билерін асқан шеберлікпен орындап, көрермендердің ықыласына бөленді.

"Алматы-Қазақстан, Үнді классикалық би орталығының" концерттерін бұқаралық ақпарат құралдары кеңінен насихаттап отырады. Бағдарламалар Үнді және Қазақстан күнтізбесінің айтулы күндеріне арналған. Олар – Тәуелсіздік күні, Республика күні, Астана күні, Рухани келісім күні, Егде адамдар күні, Халықаралық би күні, Дивали, Ганди Джаянти күні, Рукмини Деви Арундейлдің 100-жылдығы және т.б. Концерттер Үндістанның Қазақстандағы Елшілігімен, Алматы және Астана қалаларының Әкімшіліктерімен, театрлармен, концерт залдармен, халықаралық және қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастықта жүргізіледі. Би өнері мен қатар Орталық, Алматы қаласы оқу орындарында көрнекі лекциялар мен мастер-класстар өткізеді.

"Алматы-Қазақстан, Үнді классикалық би орталығы" Қазақстан мен Үндістан арасындағы дипломатиялық  қатынастарының орнағанына 15 жыл толуына орай, Үндістанда 2007 жылы концерттер беріп, олар үлкен табыспен өтті. Мерекелік шаралар Үндістан астанасының ең таңдаулы, әсем залдары – Камани Аудиториум мен Дели Карнатака Сангхада өтті. Концертті салтанатты рәсімде Қазақстанның Үндістандағы Елшісі - Қайрат Омаров мырза ашып, оған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, дипломаттар, түрлі мәдени ұйымдардың өкілдері, Үндістанның шығармашылық интеллигенциясы қатысты.

s-poslom

Алматыда үнді өнеріне оқыған қазақстандық артистер, Үндістанның өзіне алғаш рет өз жетістіктерін көрсетті. Олардың  хас шеберлігі көрермендерді тәнті етті, әсіресе қазақ билері мен әндері, ұлттық киімдері көпшілікті  ду сілкіндірді. Артистер «Қазақ-Үнді ырғақтарының үндестігі» нөмірін орындаған кезде, бүкіл зал ду қол шапалақтаумен қошемет көрсетті. Үндістандағы гастрольдердің табысты өтуіне екі елдің Елшіліктері, Нью Делидегі Мәдени Байланыстар Жөніндегі Үндістан Кеңесі, Камани Аудиториум мен Дели Карнатака Сангха көп еңбек сіңірді.

Нью Делидегі Үнді Мәдени Қарым-Қатынастар Кеңесінің шақыруы бойынша  Камани Аудиториум беделді залында өткен  4-ші Халықаралық музыка, би фестивалінде «Алматы-Қазақстан Үнді классикалық би орталығының» жетекшісі  Ақмарал Қайназарова өз студенттері Ләззат Полатбек пен Рада Өлмесекова өнерлерін жоғары дәрежеде көрсетті. Концертті зиялы қауым және дипломатиялық корпустың  өкілдері тамашалады. Қазақстан бишілерінің өнерін белгілі би сыншылары  Сунил Котари мырза мен  Лила Венкатараман ханым Бұқаралық Ақпарат Құралдарында бағалады.

Нью Делидегі Үнді Мәдени Қарым-Қатынастар Кеңесінің шақыруы бойынша , Куллу қаласы, Химачал Прадеш штатында өткен  Куллу Дуссехра 2013  халықаралық фестивалінде «Алматы-Қазақстан Үнді классикалық би орталығының» жетекшісі  Ақмарал Қайназарова өз студенттері Ләззат Полатбек пен Рада Өлмесекова өз өнерлерін  жоғары дәрежеде көрсетті.

HU9E0220_640x480

Орталықтың директоры және оның негізін қалаушы – Ақмарал Қайназарова, КАЛАКШЕТРА әсемдік өнері Колледжінің түлегі (Ченнай қаласы, Оңтүстік Үндістан),  ол Мумбай Университетінің жанындағы НАЛАНДА би зерттеу орталығының үнді өнері бойынша Дипломның иегері, ЮНЕСКО жанындағы Париждегі Халықаралық Би Кеңесінің мүшесі, АҚШ-та, Голливудта орындаушының өнер түрлері бойынша өткен Жетінші Чемпионаттағы «Этникалық би» номинациясында Алтын медаль иегері және  2003 жылғы Әлем чемпионы.

Ақмаралдың есімі: Алматы-2000 Алтын кітабына, 2002 Қазақстан рекордтар кітабына, 2003-2005, 2006-2007 Қазақстан рекордтар кітабына, ЛИМКА 2006 Үндістан рекордтар кітабына,  КИНЭС Қазақстан рекордтар кітабы 2008-2011, 2010-2013, Қазақстан Республикасында «2011 жыл - Кімнің кім екені» атты энциклопедиясы енді. Ақмарал Нью Делидегі Мәдени Байланыстар Жөніндегі Кеңестің (ICCR)  Бхаратанатьям кәсіби орындаушыларының құрамына қабылданды. 2008 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Мәдениет және Ақпарат Министрлігі Ақмарал Қайназарованы құрмет белгісімен және «Мәдениет Қайраткері»  медалімен марапаттады. Үндістанның Қазақстандағы Елшілігінің ұсынысы бойынша Ақмарал Қайназароваға Үндістаннан келген құрметті қонақтардың алдында екі мәрте Бхаратанатьям үнді классикалық биімен өнер көрсету құрметі көрсетілді. Үндістанның премьер-министрі Жоғарғы Мәртебелі Атал Бихари Ваджпаи мырза (маусым 2002 ж) және Орталықтан өз студенттерімен Үндістанның вице-президенті, Жоғарғы мәртебелі Мохаммад Хамид Ансари мырза алдында ( сәуір 2008 ж). 

Ақмарал Қазақстанның көптеген қалаларында, сондай–ақ Тәжікстанда, Грецияда, Үндістанда, АҚШ-та, Қырғызстанда өнер көрсетті. Ол мына би жобаларының авторы: «Мәдениеттер диалогы-біртұтас әлем» (2006), «Үнді классикалық биінің әдеби негізі» (2007), «Үндінің классикалық биі және Шығыс жекпе-жек өнері» (2008), Мұхтар  Әуезовтың «Үндістан туралы очерктері» Үнді классикалық би орталығының би бейнелерінде (2009), Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 - жылдығына арналған АҚСАҚ КИІК тақырыбына ұсынылған «Арнау» қойылымы (2011 ж), Мәдениет жылына арналған мерекелік концерті (2012 ж.) Халықаралық Би  күніне  арналған  Үнді   халқының  Катхак  классикалық  биін  орындаушы,  әлемге  танымал  Үндістаннан  келген  Пандит Раджендра Ганганимен Свати Синха ханым және «Алматы-Қазақстан,Үнді  классикалық биі  орталығының» қатысуымен   концерт  өтті (2013 ж.), «Алматы-Қазақстан Үнді классикалық би орталығының» қатысуымен Бхаратанатьям Үнді классикалық биінің орындаушысы, әлемге танымал Үндістаннан келген П.Т. Нарендран мырзамен «Гуру-Шишья», («Ұстаз бен Шәкірт») мерекелік концерт өтті (2014 ж.) және т.б.

Қазақстанда тұңғыш құрылған Қазақ және Үнді классикалық би Симбиозы «Қазақ –Үнді ырғақтарының үндестігіне»  авторлық куәлігі бар.

2011 жылы Ақмарал Магистратураны аяқтап, Бхаратанатьям үнді классикалық биінің өнер дәреже Магистрі, Мадрас Университеті, Үндістан;  Терапиялық йога бойынша Диплом, Мадрас Университеті, Үндістан.

2013-шы  жылы Ақмарал,  «Праяг Сангит Самити» Университетінің   Катхак Үнді классикалық биінен тәлім алатын бөліміне түсті, Аллахабад қаласы, Үндістан

2015 жылдың 8-ші шілдесінде Ақмарал Қайназарова  Бхаратанатьям Үнді класикалық биімен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен, Қазақстанға ресми іс сапармен келген Үндістан Республикасының Премьер-министрі Нарендра Моди мырзаларға үлкен құрметпен өз өнерін көрсетті.

15.12.2015. Ақордада желтоқсан айында Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай Орталықтың директоры Ақмарал Қайназарова Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атты құрметті атаққа ие болды.

2016 жылдың 28-наурызында Алматы қаласында Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар және жасөспірімдер театры залында «Алматы-Қазақстан, Үнді классикалық би орталығының» 10 жылдық мерейтойына арналған және Ақмарал Қайназарованың Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  құрметті атағына ие болуына мерекелік бағдарлама өтті.

2016 жылдың 30-наурызында, Астана қаласында Л.Н. Гумилев атындағы Ұлттық Еуразиялық Университет залында «Алматы-Қазақстан, Үнді классикалық би орталығының» 10 жылдық мерейтойына арналған және Ақмарал Қайназарованың Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  құрметті атағына ие болуына мерекелік бағдарлама өтті.