РусскийҚазақEnglish

Біздің жобалар:

000_0034_640x480

DSC_3129_640x480

000_0072_640x480

DSC_5609

DSC_5929

DSC_5761

ind02121

ind02123


1. «Мәдениеттер диалогы - біртұтас әлем». Жоба 2006 жылы шықты және ол Рухани келісім күніне арналды.

2. «Үнді классикалық  биінің әдеби негізі». Жоба 2007 жылы шықты.

3. Үндістан Республикасы мен Қазақстан Республикасының арасында дипломатиялық қатынастардың орнауына 15 жыл толуына арналған мерекелік концерттер. «Камани Аудиториум» мен «Дели Карнатака Сангха» әсем залдарында өтті (Нью Дели).  2007 ж, қазан.

4. Егде адамдар күніне және Махатма Гандидің туған күніне арналған концерт. Жоба 2007 жылы шықты.

5. «Үнді классикалық биі және Шығыс жекпе-жек өнері». Жоба 2008 жылы шықты.

6. 2008 жылы  6 шілдеде Астана қаласының 10- жылдық мерекесіне арналған арнайы концерт.

7. Қазақстанның  Тәуелсіздік Күніне арналған «Ақмарал Қайназарованың  шығармашылық қызметіне 10 жыл» аталатын жоба. Желтоқсан 2008 жылы.

8. Мұхтар Әуезовтың «Үндістан туралы очерктері», Үнді классикалық би орталығының би бейнелерінде. Жоба 2009 жылы шықты.

9. Ақмарал Үндістан достық қоғамының ұлттық конференциясында өнер көрсетті,Ченнай, Үндістан, желтоқсан 2009 жыл.

10. Ақмарал Орыс Мәдени орталығында Үндістанның Тәуелсіздік күнін мерекелеуінде өнер көрсетті, Ченнай, Үндістан, тамыз 2010 жыл.

11. Ақмарал Музыкалық Академиядағы Үнді классикалық Бхаратанатьям биі және Қазақтың халық билерін орындады, Ченнай, Үндістан, қараша 2010 жыл.

12. Ақмарал Халықаралық  студенттер Саммитінде өнер көрсетті, Ченнай, Үндістан, наурыз 2011 жыл.

13. Ақмарал Қазақстанның Үндістандағы Мәдениет күндерінде өнер көрсетті, Нью Дели, мамыр 2011 жыл.

14. Ақмарал Мәдени Байланыстар Жөніндегі Кеңес ұйымдастырған Бхаратанатьям концертінде өнер көрсетті, Ченнай, Үндістан, маусым 2011 жыл.

15. Ақмарал Шри Варасиддхи Винаяка Храмында Бхаратанатьям биінің концертінде өнер көрсетті, Ченнай, Үндістан, маусым 2011 жыл.

16. 2011 жылы 18 қарашада  «Қазақконцерт» залында,Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігінің 20 – жылдығына арналған «Алматы- Қазақстан Үнді классикалық би орталығының» мерекелік концерті өтті; Алматы қаласы

17. 2011 жылы 23 қарашада, Президенттік Мәдениет Орталығында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20- жылдығына арналған  «Алматы- Қазақстан Үнді классикалық би орталығының»  мерекелік  концерті  өтті;  Астана қаласы

18. 2012 жылы 25 сәуірде Қазақтың Мемлекеттік Жамбыл атындағы филармониясында  «Үнді классикалық би орталығының» Халықаралық би күніне арналған мерекелік концерт өтті; Алматы қаласы. Концертті ұйымдастырушылар Үндістанның Қазақстандағы Елшілігі, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік Бюросы, Қазақтың Мемлекеттік Жамбыл атындағы филармониясы

19. 2012 жылы  18 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінде   «Музей түні» жобасында   «Үнді классикалық би орталығы»  өнер көрсетті; Алматы қаласы.

20. 2012 жылы 23 мамырда, Ақмарал Қайназарова Астана қаласындағы К.Байсейтова атындағы Опера және Балет театрында, Қазақстан Республикасынын  Халық әртісі, Қазақ биінің ірге тасын қалаушы Шара Жиенқұлованың 100 жасқа толу Гала концертінде  өнер көрсетті. 

21. 2012 жылдың 3 қазаны, Алматы қаласы, Ұлттық кiтапхана басқармасының шақыруымен Ақмарал Қайназарова, қазақ би өнерiн қалаушысы Шара Жиенқұлованың 100 жасқа толу мерей тойына арналған мерекелік концертте өнер көрсетті.

22. 2012 жылдың 8 қарашасы, Алматы қаласы, Қазақстандағы Үндістан Республикасының Елшілігі, Алматы қаласының Мәдениет басқармасының қолдауымен, Мәдениет жылына арналған мерекелік концерт өтті.  

23. 2012 жылдың 10 қарашасы, Астана қаласы, Қазақстандағы Үндістан Республикасының Елшілігі, К. Байсеитова атындағы Опера және Балет театры   Мәдениет жылына арналған мерекелік жоба  өтті.

24. 2013 жылдың 25, 26, 27 қаңтары, Астана қаласы, Үндістан Республикасының  күнiне арналған мерекелiк- концерттік топтама.

25. 2013  жылдың  6 сәуірінде, Алматы қаласы, Қазақстандағы Үндістан Республикасының Елшілігі, Алматы қаласының Мәдениет басқармасы, Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясы, «Алматы-Қазақстан Үнді классикалық би орталығының» қатысуымен  Катхак  классикалық  биін  орындаушы,  әлемге  танымал  Үндістаннан  келген  Пандит Раджендра Гангани мырзамен,  Свати Синха ханыммен  мерекелік концерт  өтті.

26. 2013  жылдың 9, 10 сәуірінде, Астана қаласы, Қазақстандағы Үндістан Республикасының Елшілігі,  Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Назарбаев Университеті, «Алматы-Қазақстан Үнді классикалық би орталығының»  қатысуымен  Катхак  классикалық  биін  орындаушы,  әлемге  танымал  Үндістаннан  келген  Пандит Раджендра Гангани мырзамен,  Свати Синха ханыммен  мерекелік концерт  өтті.

27. Нью Делидегі Үнді Мәдени Қарым-Қатынастар Кеңесінің шақыруы бойынша  Камани Аудиториум ғажайып залында өткен  4-ші Халықаралық музыка, би фестивалінде «Алматы-Қазақстан Үнді классикалық би орталығының» жетекшісі  Ақмарал Қайназарова өз студенттері Ләззат Полатбек пен Рада Олмесекова өнерлерін жоғары дәрежеде көрсетті.

Концертті зиялы қауым және дипломатиялық корпустың  өкілдері тамашалады. Қазақстан бишілерінің өнерін белгілі би сыншылары  Сунил Котари мырза мен  Лила Венкатараман ханым Бұқаралық Ақпарат Құралдарында бағалады.

28. Нью Делидегі Үнді Мәдени Қарым-Қатынастар Кеңесінің шақыруы бойынша , Куллу қаласы, Химачал Прадеш штатында өткен  Куллу Дуссехра 2013  халықаралық фестивалінде «Алматы-Қазақстан Үнді классикалық би орталығының» жетекшісі  Ақмарал Қайназарова өз студенттері Ләззат Полатбек пен Рада Олмесекова өз өнерлерін  жоғары дәрежеде көрсетті.

29. 2014 жылдың , 6-шы сәуірінде  Қазақстандағы Үндістан Республикасының Елшілігі, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік Бюросы,«Алматы-Қазақстан Үнді классикалық би орталығының» қатысуымен Бхаратанатьям Үнді классикалық биінің орындаушысы, әлемге танымал Үндістаннан келген П.Т. Нарендран мырзамен   «Гуру-Шишья», («Ұстаз бен Шәкірт»)   мерекелік концерт Алматы қаласында өтті.

30. 2014 жылдың , 9-шы сәуірінде  Қазқстандағы Үндістан Республикасының Елшілігі, Тілеп Қобыз сарайы,«Алматы-Қазақстан Үнді классикалық би орталығының» қатысуымен Бхаратанатьям Үнді классикалық биінің орындаушысы, әлемге танымал Үндістаннан келген П.Т.Нарендран  мырзамен «Гуру-Шишья»(«Ұстаз бен Шәкірт») мерекелік концерт өтті.

Алматыда, Астанада  «Гуру-Шишья»  үш ұрпақтың  керемет жобасына келген қонақтар, Бхаратанатьям Үнді классикалық биінің орындаушысы, әлемге танымал  П.Т. Нарендран мырза, оның  “Калакшетрадан” түлегі  Ақмарал Қайназарова және оның түлектері  концертін тамашалады.

31. Қазақстан Республикасының 2012-2013 жылдарға арналған өндірістерінің экономикалық құрылымы рейтингісі қорытындысы бойынша, «Алматы-Қазақстан Үнді классикалық би орталығы» би ұжымдары арасында  күміс және қола медальдарына  қол жеткізді. Бұл Қазақстан Республикасындағы  жоғары нәтижеге ие болған көрсеткіш болып табылады. Осыған орай «Алматы-Қазақстан Үнді классикалық би орталығы» осы марапаттарды ең жақсы қызметтестерге табыстады.

32. «2014 САПА КӨШБАСШЫСЫ» Ұлттық Сертификат және Медалімен «Алматы-Қазақстан Үнді классикалық би орталығы», Әкімшілік басқарушысы Смакова Раушан «2014 ЖЫЛ МАМАНЫ» Ресми Ұлттық Сертификатымен, «ЕРЕКШЕ АЙҚЫНДЫЛЫҒЫ» үшін Сағитова Диана  төсбелгімен, «ҚАЗАҚСТАН ДАҢҚЫ» арнайы Орденімен  Ақмарал Қайназарова марапатталды.

33. 2015 жылдың 10 наурызында, Астана қаласы. Үндістанның Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің шақыртуы бойынша Ақмарал Қайназарова  Бхаратанатьям Үнді классикалық биімен, ITEC (Үндістанның техникалық және экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы) және  ICCR (Үндістанның Мәдени Қатынастар Кеңесі күніне) арнаған төл мерекелік  бағдарламада  өз өнерін   көрсетті.
Мерекелік бағдарламаның ресми ашылуын Үндістанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Харш Кумар Джайн мырзамен, ҚР Сыртқы Істер Министрлігінің орынбасары Мусинов Асқар Ахметұлы мырза ашты. Бағдарламада СІМ өкілдері, Елшілік, сонымен қатар   ITEC  және  ICCR қазақстан студенттері қатысты.

34. 2015 жылдың 21 наурызында, Ақтөбе қаласы. Ақтөбе қаласының оқушылар сарайы  басшылығының шақыруымен  «Алматы-Қазақстан, Үнді классикалық би орталығы»,  Ақтөбе қаласының Студеннттер сарайында Бхаратанатьям Үнді классикалық би  өнерін көрсетті. Концертте  900 ден астам көрермендер қатысты. Концерт көрермендердің  жылы лебіздеріне  иеленіп, шаттыққа кеңелді.

35. 2015 жылдың 21 маусымында, Алматы қаласы. Ақмарал өзінің шәкірттерімен Бхаратанатьям Үнді классикалық биімен Алматыда өткен бірінші Халықаралық Йога күніне арналған ресми мерекеде өнер көрсетті.

36. 2015 жылдың 8 шілдесінде, Астана қаласы. Ақмарал  Қайназарова  Бхаратанатьям Үнді класикалық биімен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен, Қазақстанға ресми іс сапармен келген Үндістан Республикасының Премьер-Министрі Нарендра Моди мырзаларға үлкен құрметпен өз өнерін  Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы «Ақордада» көрсетті.

37. 2015 жылдың  7-ші қыркүйегінде Қырғызстандағы Үндістан Елшілігiнің шақыруымен «Алматы-Қазақстан, Үнді классикалық би орталығы» Бишкек қаласында өткен «Know India Show» семинарында Үнді классикалық Бхаратанатьям, Катхак және үндістанның халық биілерінің  өнерін көрсетті.

38. ҚР Мәдениет Қайраткері, Өнер магистрі Ақмарал Қайназарова жетекшілік ететін «Алматы-Қазақстан, Үнді классикалық би орталығының» студенттері, 2015 жылғы караша айының 4-8 жұлдызында Польша мемлекетінің, Живец каласында «Таланттар калейдоскопы. Күз-2015» атты V- ші Халықаралық байқауда өнер көрсетті. Байқау Живец қаласының бургомистрі Пан Антони Шлягор мырзаның патронатты басшылығымен өтті. Бірауыздан қазылар алқасының шешімімен Гран при кубогы «Алматы-Қазақстан, Үнді классикалық би орталығына» табыс етілді. Төрт бірінші орынға екі санатты категориясындағы Бхаратанатьям Үнді классикалық би және заманауи стилінде Болливуд би орындағаны үшін табысталды.

39. 15.12.2015. Ақордада желтоқсан айында Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай Орталықтың директоры Ақмарал Қайназарова Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атты құрметті атаққа ие болды.

40. 2016 жылдың 28-наурызында Алматы қаласында Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар және жасөспірімдер театры залында «Алматы-Қазақстан, Үнді классикалық би орталығының» 10 жылдық мерейтойына арналған және Ақмарал Қайназарованың Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағына ие болуына мерекелік бағдарлама өтті.

41. 2016 жылдың 30-наурызында, Астана қаласында Л.Н. Гумилев атындағы Ұлттық Еуразиялық Университет залында «Алматы-Қазақстан, Үнді классикалық би орталығының» 10 жылдық мерейтойына арналған және Ақмарал Қайназарованың Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағына ие болуына мерекелік бағдарлама өтті. 

42. 2016 жылдың 21 маусымында Тай- Цзи-Цюань Тянь-Шань федерациясы және «Планетарлық көзқарас» фестивалінің басшылығының шақыруымен Ақмарал Қайназарова Екінші Халықаралық Йога күнін мерекелеу аясында Қырғызстанда Ыстықкөлде, Үндістан Үкіметі ұсынған  жалпы йога хаттамасын, ұжымдық тәжірибесін  өткізді.

43. 2016 жылдың  22 маусымында «Алматы-Қазақстан Үнді классикалық  би орталығы»  Екінші Халықаралық Йога күніне арналған « Үнді классикалық биі және Йога» атты мерекелік бағдарламасын Қырғызстанда Ыстықкөлде ұсынды.

44. «Алматы-Қазақстан, Үнді классикалық би орталығы» Қазақстан мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнауына 25 жыл толуына, Бхаратанатьям Үнді классикалық биі және Қазақ халық билерімен Қазақстан мен Үндістанда  бірқатар концерттік бағдарламаларын  өткізді:

- 14 наурыз 2017 жыл Алматы қаласында, Қазақ мемлекеттік Жамбыл атындағы филармониясында. Ресми бөлімін 
Үндістан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Харш Кумар Джайн және қоғам
қайраткері, мәдени зерттеуші, Дипломат Әуезов Мұрат Мұхтарұлы мырзалар ашты.

- 25 наурыз 2017 жыл Ченнай қаласында, «Калакшетра» әсемдік өнер Колледжінде -Бхаратанатьям Үнді классикалық би өнерінің ең үздік керемет институтында. Бас қонақ – «Калаймамани» иегері, «Калакшетра» Гуруы Н.С. Джаялакшми, Құрметті қонақ – «Падма Бхушан» иегері, доктор Падма Субраманьям, Шри Арьякуди Музыкалық қорының вице-президенті Г. Рамануджем мырза, Ченнай қаласындағы  аймақтық Мәдени Байланыстар Жөніндегі Кеңестің  (ICCR) басшысы С.Маноранджитам ханым.

- 28 наурыз 2017 жыл Нью Дели қаласындағы, Мәдени Байланыстар Жөніндегі Кеңестің (ICCR) концерт залында. Кештің Бас қонағы -  Мәдени Байланыстар Жөніндегі Кеңестің (ICCR) бас директорының орынбасары Шри Ванлалхума; Құрметті қонақ – Үндістан Елшілігінің Алматыдағы Үнді мәдени орталығының басшысы Пунчок Стобдан мырза; Құрметті қонақ – Үндістан Республикасындағы  Қазақстан Республикасы Елшілігінің бас консулы Руслан Ахмет мырза.

- 29 наурыз 2017 жыл Нью Дели қаласындағы, «Дели Карнатака Сангха»  залында. Кештің Бас қонағы - Үндістан Республикасындағы  Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшшісі  Болат Сәрсенбаев, Құрметті қонақ – Нью Дели қаласындағы  «Nayak Group» компаниясының басшысы Арвинд Наяк мырза.

- 31 наурыз 2017 жыл Нью Дели қаласы, «Vasant Valley Shool» Үндістандағы бірден бір керемет жекеменшік мектебінде.

45. Үшінші Халықаралық Йога күні  Қазақстанда:

2017 жылдың  18-ші маусымында Алматыда Әл- Фараби атындағы  Қазақ Ұлттық Университетінде  Үшінші Халықаралық Йога күнінде Орталық үлес қосушы  сертификатпен марапатталып және өз өнерін көрсетті.

2017 жылдың  21-ші маусымында Х. Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік Университетінің Спорткомплексінде Үшінші Халықаралық Йога күніне арналған  Үндістан Үкіметінің хаттамасына сәйкес, Йога  ілімінің  көрсетілімі және ұжымдық  тәжірибесі өткізілді.

Үшінші Халықаралық Йога күніне арналған  мерекелік бағдарламасын паш етті.