Орталық туралы

«АЛМАТЫ-ҚАЗАҚСТАН, ҮНДІ КЛАССИКАЛЫҚ БИІ ЖӘНЕ ЙОГА ОРТАЛЫҒЫ» өз жұмысын 2006 жылы 1 наурызда бастады. Бұл Қазақстан мен Отра Азиядағы тұңғыш осындай орталық, халықаралық деңгейдегі және дәрежедегі коммерциялық емес мекеме.

Орталық жұмысының мақсаты – адамның табиғи және рухани дүниесін дамыту, жеке адамның шығармашылық әлеуетін ашу және бірегей үнді классикалық биі арқылы организімді сауықтыру. Асқақ элиталық өнер арқылы түрлі ұлт өкілдерінің арасында өзара түсіністік пен келісім орнату, үндінің классикалық Бхаратанатьям биі, Катхак, үндінің халық және Қазақ билерін терең зерделеу. Қазақстан мен Үндістан арасындағы мәдени байланыстарды нығайту, екі ел мәдениетінің тарихи сабақтастығы мен өзара байланысын сезіну.

«Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығының» концерттерін бұқаралық ақпарат құралдары кеңінен насихаттап отырады. Бағдарламалар Қазақстан және Үндістан күнтізбесінің айтулы күндеріне арналған. Олар – Тәуелсіздік күні, Республика күні, Астана күні, Рухани келісім күні, Егде адамдар күні, Халықаралық би күні, Қазақстан мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнауы, Халықаралық Йога күніне және т.б. Концерттер Үндістанның Қазақстандағы Елшілігімен, Алматы және Астана қалаларының Әкімшіліктерімен, театрлармен, концерт залдармен, халықаралық және қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастықта жүргізіледі. Би өнері мен қатар Орталық, Алматы қаласы оқу орындарында көрнекі лекциялар мен мастер-класстар өткізеді.

2013 жылдың 14 қазанда Нью-Делидегі Мәдени байланыстар жөніндегі Үнді Кеңесінің шақыруы бойынша Ақмарал Қайназарова және «Алматы-Қазақстан Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығының» студенттері Нью-Дели қаласында өткен 4-ші Халықаралық музыка және би фестивалінде өнер көрсетті. Концертке дипломатиялық корпус пен зиялы қауым қатысты. Белгілі би сыншылар Сунил Котари мырза мен Лила Венкатараман ханым қазақстандық бишілердің өнерін бағалады.

2013 жылдың 16 қазанда Нью-Делидегі Мәдени байланыстар жөніндегі Үнді Кеңесінің шақыруы бойынша Ақмарал Қайназарова ханым және «Алматы-Қазақстан Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығының» студенттері Куллу Дюссехра 2013 халықаралық фестивалінде Химачал-Прадеште өнер көрсетті.

2015 жылдың маусым айынан бастап « Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы» Қазақстанның қалаларында Халықаралық йога күнін атап өтеді. Бағдарламада: Үндістан Үкіметі ұсынған Йоганың жалпы Хаттамасының ұжымдық тәжірибесі және концерт.

«Үнді Классикалық Биі Йога Орталығы» 2015 жылдың караша айында Польша мемлекетінің «Таланттар калейдоскопы» атты Халықаралық байқауда өнер көрсетті. Бірауыздан қазылар алқасының шешімімен Гран при кубогы «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығына» табыс етілді. Төрт бірінші орынға екі санатты категориясындағы Бхаратанатьям Үнді классикалық би және заманауи стилінде Болливуд би орындағаны үшін табысталды.

2016 жылдың 23 қазан айында «Алматы-Қазақстан, Үнді классикалық би орталығы» «Fiestalonia-Milenio» атты Испанияда негізделген Халықаралық байқауда 1- ші және 2-ші жүлделі орындарының иегері болды. Байқау Тбилиси қаласының Мэрінің , CID UNESCO, Британ Интернационалдық Халықаралық Фестивальдар Федерациясы қолдауымен өтті.

«Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы» Қазақстан мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнауына 25 жыл толуына, Бхаратанатьям Үнді классикалық биі және Қазақ халық билерімен Қазақстан мен Үндістанда бірқатар концерттік бағдарламаларын өткізді:

14 наурыз 2017 жыл Алматы қаласында, Қазақ мемлекеттік Жамбыл атындағы филармониясында. Ресми бөлімін Үндістан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі  Харш Кумар Джайн және  қоғам қайраткері, мәдени зерттеуші, Дипломат Әуезов Мұрат Мұхтарұлы мырзалар ашты.

25 наурыз 2017 жыл Ченнай қаласында, «Калакшетра» әсемдік өнер Колледжінде -Бхаратанатьям Үнді классикалық би өнерінің ең үздік керемет институтында. Бас қонақ – «Калаймамани» иегері, «Калакшетра» Гуруы Н.С. Джаялакшми, Құрметті қонақ – «Падма Бхушан» иегері, доктор Падма Субраманьям, Шри Арьякуди Музыкалық қорының вице-президенті Г. Рамануджем мырза, Ченнай қаласындағы  аймақтық Мәдени Байланыстар Жөніндегі Кеңестің  (ICCR) басшысы С.Маноранджитам ханым.

28 наурыз 2017 жыл Нью Дели қаласындағы, Мәдени Байланыстар Жөніндегі Кеңестің (ICCR) концерт залында. Кештің Бас қонағы –  Мәдени Байланыстар Жөніндегі Кеңестің (ICCR) бас директорының орынбасары Шри Ванлалхума; Құрметті қонақ – Үндістан Елшілігінің Алматыдағы Үнді мәдени орталығының басшысы Пунчок Стобдан мырза; Құрметті қонақ – Үндістан Республикасындағы  Қазақстан Республикасы Елшілігінің бас консулы Руслан Ахмет мырза.

29 наурыз 2017 жыл Нью Дели қаласындағы, «Дели Карнатака Сангха»  залында. Кештің Бас қонағы – Үндістан Республикасындағы  Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшшісі  Болат Сәрсенбаев, Құрметті қонақ – Нью Дели қаласындағы  «Nayak Group» компаниясының басшысы Арвинд Наяк мырза.

31наурыз 2017 жыл  Нью Дели қаласы, «Vasant Valley Shool» Үндістандағы бірден бір керемет жекеменшік мектебінде.

«Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығының»  бастамасы бойынша Қазақстанда,  Үндістаннан SPIC MACAY зияткерлік және білім беру бағдарламасының  жаңа тарауы басталды. Осыған байланысты, 2017 жылдың 2-ші қарашасынан 6-шы қарашасына дейін Нью-Делиден  келген танымал хореограф  және  Гуру  Шри Раджендра Ганганидің  Катхак  классикалық  стилінің  мастер-кластары өтті.

«Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығына» келемдеушілерді үнді классикалық Бхаратанатьям, Катхак, халық қазақ билерін, дәстүрлі үнді йоганы.

Ақмарал Қайназарова

Ақмарал Қайназарова – Калакшетра әсемдік өнері Колледжінің түлегі (Ченнай қаласы); Мумбай Университетінің жанындағы Наланда би зерттеу Орталығының үнді өнері бойынша Дипломның иегері; Бхаратанатьям Үнді классикалық биінің Өнер Магистрі (Ченнай қаласы), Хореография Магистрі (Астана қаласы). 2011 жылы Ақмарал Ченнай қаласы, Мадрас Университетінің санскрит факультетінің терапиялық Йога бойынша Дипломның иегері. 2013 жылы Ақмарал Катхак Үнді классикалық биін сырттай оқу бөліміне «Праяг Сангит Самити» Университетіне түсті (Аллахабад, Үндістан).

Ақмарал АҚШ-та, Голивудта орындаушының өнер түрлері бойынша өткен Жетінші Чемпионаттағы «Этникалық би» номинациясында Алтын медаль иегері және 2003 жылғы Әлем чемпионы.

Ақмаралдың есімі бірінші және бірден бір жалғыз Бхаратанатьям биін орындаушысы ретінде Алматы-2000 Алтын кітабына, Қазақстан рекордтар кітабы 2002, 2003-2005, 2006-2007, ЛИМКА 2006 Үндістан рекордтар кітабына, КИНЭС Қазақстан рекордтар кітабы 2008-2011, 2010-2013, 2014-2018, Қазақстан Республикасында 2011 жыл «Кімнің кім Екені» атты энциклопедиясына енді.

2004 жылы Ақмарал Қазақстаннан ЮНЕСКО жанындағы Париждегі Халықаралық Би Кеңесінің бірінші мүшесі болып қабылданды. Ақмарал Нью – Делидегі Мәдени Байланыстар Жөніндегі Кеңестің (ICCR) Бхаратанатьям кәсіби орындаушыларының құрамына қабылданды.

Қазақстанда тұнғыш рет шығарылған Қазақ және Үнді классикалық би Симбиозына «Қазақ – Үнді ырғақтарының үндестігіне» авторлық куәлігі бар.

2008 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Мәдениет және Ақпарат Министрлігі Ақмарал Қайназарованы Мәдениет Қайраткері құрмет белгісімен және медалімен марапаттады.

2015 жылдың 15 желтоқсанында Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Президентінің қолы қойылған «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен марапатталды.

Үндістанның Қазақстандағы Елшілігінің ұсынысы бойынша Ақмарал Қайназарова Үндістаннан келген құрметті қонақтардың алдында Бхаратанатьям Үнді классикалық биімен, Үндістанның Премьер-Министрі Жоғарғы Мәртебелі Атал Бихари Ваджпаи мырза (маусым 2002ж, Алматы) және Орталықтан өз студенттерімен Үндістанның Вице-президенті Жоғарғы Мәртебелі Мохаммад Хамид Ансари және Қазақстан Республикасының бүгінгі Президенті Қасым Жомарт Тоқаев мырзалардың алдында (сәуір 2008ж, Астана) өнер көрсету құрметіне ие болды.

2015 жылдың 8-ші шілдесінде Ақмарал Қайназарова Бхаратанатьям Үнді класикалық биімен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен, Қазақстанға ресми іс сапармен келген Үндістан Республикасының Премьер-министрі Нарендра Моди мырзаларға үлкен құрметпен өз өнерін көрсетті.

2016 жылдың 27 қарашасында «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығының» директоры Ақмарал Kaйназарова «Мама» Халықаралық қоғамдық қайырымдылық қауымдастығынан алтын дипломымен марапатталды. Ана мен баланы қорғау бағдарламасын іске асыратын және әйелдердің қайырымдылық іс-мәртебесі мен әлеуметтік рөлін биіктету үшін. Фонд төрағасы – Ресейдің Халық әртісі Ринат Ибрагимов мырза.

Ақмарал өз өнерін Тәжікстан, Греция, Үндістан, АҚШ-та, Қырғызстан, Канада, Польша, Грузияда, сондай-ақ Қазақстанда көрсетті. Ол мына би жобаларының авторы: «Мәдениеттер диалогы-біртұтас әлем» (2006), «Үнді классикалық биінің әдеби негізі» (2007), «Үнді классикалық биі және Шығыс жекпе-жек өнері» (2008), Мұхтар Әуезовтың «Үндістан туралы очерктері» Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығының би бейнелерінде (2009). Қазақстанның Тәуелсіздігіне 20 жыл толуына арналған мерекелік концерт (2011); Мәдениет жылына арналған мерекелік концерт (2012); зияткерлік жоба “Гуру-Шишья” (Ұстазбен – Түлек) (2014); Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығыны 10 жыл толуына арналған мерекелік концерт (2016), Қазақстан мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнауына 25 жыл толуына арналған мерекелік концерт (2017), «Жаңадан бастауышыларға арналған Бхаратанатьям Үнді классикалық биі» атты қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде төрт бөліктен тұратын алғашқы оқу бейне материалының шығуына мерекелік концерті (2018), Ақмарал Қайназарованың творчестволық шығармашылығының 20 жылдығына арналған мерекелік концерт (2018).

Ақмарал қазақстандықтардың рухани дүниесін, Қазақстан мен Үндістан арасындағы мәдени достық байланыстарды нығайтуға, үнді классикалық биі өнерінің Қазақстанда және Орта Азияда дамуына, қазақ халық биінің шет мемлекеттерінде насихаттауға үлкен үлесін қосады.