Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы

«АЛМАТЫ-ҚАЗАҚСТАН, ҮНДІ КЛАССИКАЛЫҚ БИІ ЖӘНЕ ЙОГА ОРТАЛЫҒЫ» өз жұмысын 2006 жылы 1 наурызда бастады. Бұл Қазақстан мен Отра Азиядағы тұңғыш осындай орталық, халықаралық деңгейдегі және дәрежедегі коммерциялық емес мекеме.

Орталық жұмысының мақсаты – адамның табиғи және рухани дүниесін дамыту, жеке адамның шығармашылық әлеуетін ашу және бірегей үнді классикалық биі арқылы организімді сауықтыру. Асқақ элиталық өнер арқылы түрлі ұлт өкілдерінің арасында өзара түсіністік пен келісім орнату, үндінің классикалық Бхаратанатьям биі, Катхак, үндінің халық және Қазақ билерін терең зерделеу. Қазақстан мен Үндістан арасындағы мәдени байланыстарды нығайту, екі ел мәдениетінің тарихи сабақтастығы мен өзара байланысын сезіну.

Бастауыштарға арналған Бхаратанатьям Үнді классикалық биі.
I, II, III, IV бөлім
DVD диск үй көрсетіліміне арналған.