Біздің жобалар

1. «Мәдениеттер диалогы – біртұтас әлем». Жоба 2006 жылы шықты және ол Рухани келісім күніне арналды.

2. «Үнді классикалық биінің әдеби негізі». Жоба 2007 жылы шықты.

3. Үндістан Республикасы мен Қазақстан Республикасының арасында дипломатиялық қатынастардың орнауына 15 жыл толуына арналған мерекелік концерттер. «Камани Аудиториум» мен «Дели Карнатака Сангха» әсем залдарында өтті (Нью Дели). 2007 ж, қазан.

4. Егде адамдар күніне және Махатма Гандидің туған күніне арналған концерт. Жоба 2007 жылы шықты.

5. «Үнді классикалық биі және Шығыс жекпе-жек өнері». Жоба 2008 жылы шықты.

6. 2008 жылы 6 шілдеде Астана қаласының 10- жылдық мерекесіне арналған арнайы концерт.

7. Қазақстанның Тәуелсіздік Күніне арналған «Ақмарал Қайназарованың шығармашылық қызметіне 10 жыл» аталатын жоба. Желтоқсан 2008 жылы.

8. Мұхтар Әуезовтың «Үндістан туралы очерктері», Үнді классикалық би орталығының би бейнелерінде. Жоба 2009 жылы шықты.

9. Ақмарал Үндістан достық қоғамының ұлттық конференциясында өнер көрсетті,Ченнай, Үндістан, желтоқсан 2009 жыл.

10. Ақмарал Орыс Мәдени орталығында Үндістанның Тәуелсіздік күнін мерекелеуінде өнер көрсетті, Ченнай, Үндістан, тамыз 2010 жыл.

11. Ақмарал Музыкалық Академиядағы Үнді классикалық Бхаратанатьям биі және Қазақтың халық билерін орындады, Ченнай, Үндістан, қараша 2010 жыл.

12. Ақмарал Халықаралық студенттер Саммитінде өнер көрсетті, Ченнай, Үндістан, наурыз 2011 жыл.

13. Ақмарал Қазақстанның Үндістандағы Мәдениет күндерінде өнер көрсетті, Нью Дели, мамыр 2011 жыл.

14. Ақмарал Мәдени Байланыстар Жөніндегі Кеңес ұйымдастырған Бхаратанатьям концертінде өнер көрсетті, Ченнай, Үндістан, маусым 2011 жыл.

15. Ақмарал Шри Варасиддхи Винаяка Храмында Бхаратанатьям биінің концертінде өнер көрсетті, Ченнай, Үндістан, маусым 2011 жыл.

16. 2011 жылы 18 қарашада «Қазақконцерт» залында,Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 – жылдығына арналған «Алматы- Қазақстан Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы» мерекелік концерті өтті; Алматы қаласы

17. 2011 жылы 23 қарашада, Президенттік Мәдениет Орталығында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20– жылдығына арналған «Алматы- Қазақстан Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы» мерекелік концерті өтті; Астана қаласы

18. 2012 жылы 25 сәуірде Қазақтың Мемлекеттік Жамбыл атындағы филармониясында «Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы» Халықаралық би күніне арналған мерекелік концерт өтті; Алматы қаласы. Концертті ұйымдастырушылар Үндістанның Қазақстандағы Елшілігі, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік Бюросы, Қазақтың Мемлекеттік Жамбыл атындағы филармониясы

19. 2012 жылы 18 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінде «Музей түні» жобасында «Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы» өнер көрсетті; Алматы қаласы.

20. 2012 жылы 23 мамырда, Ақмарал Қайназарова Астана қаласындағы К.Байсейтова атындағы Опера және Балет театрында, Қазақстан Республикасынын Халық әртісі, Қазақ биінің ірге тасын қалаушы Шара Жиенқұлованың 100 жасқа толу Гала концертінде өнер көрсетті.

21. 2012 жылдың 3 қазаны, Алматы қаласы, Ұлттық кiтапхана басқармасының шақыруымен Ақмарал Қайназарова, қазақ би өнерiн қалаушысы Шара Жиенқұлованың 100 жасқа толу мерей тойына арналған мерекелік концертте өнер көрсетті.

22. 2012 жылдың 8 қарашасы, Алматы қаласы, Қазақстандағы Үндістан Республикасының Елшілігі, Алматы қаласының Мәдениет басқармасының қолдауымен, Мәдениет жылына арналған мерекелік концерт өтті.

23. 2012 жылдың 10 қарашасы, Астана қаласы, Қазақстандағы Үндістан Республикасының Елшілігі, К. Байсеитова атындағы Опера және Балет театры Мәдениет жылына арналған мерекелік жоба өтті.

24. 2013 жылдың 25, 26, 27 қаңтары, Астана қаласы, Үндістан Республикасының күнiне арналған мерекелiк- концерттік топтама.

25. 2013 жылдың 6 сәуірінде, Алматы қаласы, Қазақстандағы Үндістан Республикасының Елшілігі, Алматы қаласының Мәдениет басқармасы, Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясы, «Алматы-Қазақстан Үнді Классикалық Биі және Йога орталығы» қатысуымен Катхак классикалық биін орындаушы, әлемге танымал Үндістаннан келген Пандит Раджендра Гангани мырзамен, Свати Синха ханыммен мерекелік концерт өтті.

26. 2013 жылдың 9, 10 сәуірінде, Астана қаласы, Қазақстандағы Үндістан Республикасының Елшілігі, Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Назарбаев Университеті, «Алматы-Қазақстан Үнді Классикалық биі және Йога Орталығы» қатысуымен Катхак классикалық биін орындаушы, әлемге танымал Үндістаннан келген Пандит Раджендра Гангани мырзамен, Свати Синха ханыммен мерекелік концерт өтті.

27. Нью Делидегі Үнді Мәдени Қарым-Қатынастар Кеңесінің шақыруы бойынша Камани Аудиториум ғажайып залында өткен 4-ші Халықаралық музыка, би фестивалінде «Алматы-Қазақстан Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы» жетекшісі Ақмарал Қайназарова өз студенттері Ләззат Полатбек пен Рада Олмесекова өнерлерін жоғары дәрежеде көрсетті.

Концертті зиялы қауым және дипломатиялық корпустың өкілдері тамашалады. Қазақстан бишілерінің өнерін белгілі би сыншылары Сунил Котари мырза мен Лила Венкатараман ханым Бұқаралық Ақпарат Құралдарында бағалады.

28. Нью Делидегі Үнді Мәдени Қарым-Қатынастар Кеңесінің шақыруы бойынша , Куллу қаласы, Химачал Прадеш штатында өткен Куллу Дуссехра 2013 халықаралық фестивалінде «Алматы-Қазақстан Үнді Классикалық Биі және Йога орталығы» жетекшісі Ақмарал Қайназарова өз студенттері Ләззат Полатбек пен Рада Олмесекова өз өнерлерін жоғары дәрежеде көрсетті.

29. 2014 жылдың , 6-шы сәуірінде Қазақстандағы Үндістан Республикасының Елшілігі, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік Бюросы,«Алматы-Қазақстан Үнді Классикалық Биі және орталығы» қатысуымен Бхаратанатьям Үнді классикалық биінің орындаушысы, әлемге танымал Үндістаннан келген П.Т. Нарендран мырзамен «Гуру-Шишья», («Ұстаз бен Шәкірт») мерекелік концерт Алматы қаласында өтті.

30. 2014 жылдың , 9-шы сәуірінде Қазқстандағы Үндістан Республикасының Елшілігі, Тілеп Қобыз сарайы,«Алматы-Қазақстан Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы» қатысуымен Бхаратанатьям Үнді классикалық биінің орындаушысы, әлемге танымал Үндістаннан келген П.Т.Нарендран мырзамен «Гуру-Шишья»(«Ұстаз бен Шәкірт») мерекелік концерт өтті.

Алматыда, Астанада «Гуру-Шишья» үш ұрпақтың керемет жобасына келген қонақтар, Бхаратанатьям Үнді классикалық биінің орындаушысы, әлемге танымал П.Т. Нарендран мырза, оның “Калакшетрадан” түлегі Ақмарал Қайназарова және оның түлектері концертін тамашалады.

31. Қазақстан Республикасының 2012-2013 жылдарға арналған өндірістерінің экономикалық құрылымы рейтингісі қорытындысы бойынша, «Алматы-Қазақстан Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы» би ұжымдары арасында күміс және қола медальдарына қол жеткізді. Бұл Қазақстан Республикасындағы жоғары нәтижеге ие болған көрсеткіш болып табылады. Осыған орай «Алматы-Қазақстан Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы» осы марапаттарды ең жақсы қызметтестерге табыстады.

32. «2014 САПА КӨШБАСШЫСЫ» Ұлттық Сертификат және Медалімен «Алматы-Қазақстан Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы», Әкімшілік басқарушысы Смакова Раушан «2014 ЖЫЛ МАМАНЫ» Ресми Ұлттық Сертификатымен, «ЕРЕКШЕ АЙҚЫНДЫЛЫҒЫ» үшін Сағитова Диана төсбелгімен, «ҚАЗАҚСТАН ДАҢҚЫ» арнайы Орденімен Ақмарал Қайназарова марапатталды.

33. 2015 жылдың 10 наурызында, Астана қаласы. Үндістанның Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің шақыртуы бойынша Ақмарал Қайназарова Бхаратанатьям Үнді классикалық биімен, ITEC (Үндістанның техникалық және экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы) және ICCR (Үндістанның Мәдени Қатынастар Кеңесі күніне) арнаған төл мерекелік бағдарламада өз өнерін көрсетті.
Мерекелік бағдарламаның ресми ашылуын Үндістанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Харш Кумар Джайн мырзамен, ҚР Сыртқы Істер Министрлігінің орынбасары Мусинов Асқар Ахметұлы мырза ашты. Бағдарламада СІМ өкілдері, Елшілік, сонымен қатар ITEC және ICCR қазақстан студенттері қатысты.

34. 2015 жылдың 21 наурызында, Ақтөбе қаласы. Ақтөбе қаласының оқушылар сарайы басшылығының шақыруымен «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы», Ақтөбе қаласының Студеннттер сарайында Бхаратанатьям Үнді классикалық би өнерін көрсетті. Концертте 900 ден астам көрермендер қатысты. Концерт көрермендердің жылы лебіздеріне иеленіп, шаттыққа кеңелді.

35. 2015 жылдың 21 маусымында, Алматы қаласы. Ақмарал өзінің шәкірттерімен Бхаратанатьям Үнді классикалық биімен Алматыда өткен бірінші Халықаралық Йога күніне арналған ресми мерекеде өнер көрсетті.

36. 2015 жылдың 8 шілдесінде, Астана қаласы. Ақмарал Қайназарова Бхаратанатьям Үнді класикалық биімен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен, Қазақстанға ресми іс сапармен келген Үндістан Республикасының Премьер-Министрі Нарендра Моди мырзаларға үлкен құрметпен өз өнерін Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы «Ақордада» көрсетті.

37. 2015 жылдың 7-ші қыркүйегінде Қырғызстандағы Үндістан Елшілігiнің шақыруымен «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы» Бишкек қаласында өткен «Know India Show» семинарында Үнді классикалық Бхаратанатьям, Катхак және үндістанның халық биілерінің өнерін көрсетті.

38. ҚР Мәдениет Қайраткері, Өнер магистрі Ақмарал Қайназарова жетекшілік ететін «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы» студенттері, 2015 жылғы караша айының 4-8 жұлдызында Польша мемлекетінің, Живец каласында «Таланттар калейдоскопы. Күз-2015» атты V- ші Халықаралық байқауда өнер көрсетті. Байқау Живец қаласының бургомистрі Пан Антони Шлягор мырзаның патронатты басшылығымен өтті. Бірауыздан қазылар алқасының шешімімен Гран при кубогы «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы» табыс етілді. Төрт бірінші орынға екі санатты категориясындағы Бхаратанатьям Үнді классикалық би және заманауи стилінде Болливуд би орындағаны үшін табысталды.

39. 15.12.2015. Ақордада желтоқсан айында Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай Орталықтың директоры Ақмарал Қайназарова Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атты құрметті атаққа ие болды.

40. 2016 жылдың 28-наурызында Алматы қаласында Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар және жасөспірімдер театры залында «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы» 10 жылдық мерейтойына арналған және Ақмарал Қайназарованың Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағына ие болуына мерекелік бағдарлама өтті.

41. 2016 жылдың 30-наурызында, Астана қаласында Л.Н. Гумилев атындағы Ұлттық Еуразиялық Университет залында «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы» 10 жылдық мерейтойына арналған және Ақмарал Қайназарованың Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағына ие болуына мерекелік бағдарлама өтті.

42. 2016 жылдың 21 маусымында Тай- Цзи-Цюань Тянь-Шань федерациясы және «Планетарлық көзқарас» фестивалінің басшылығының шақыруымен Ақмарал Қайназарова Екінші Халықаралық Йога күнін мерекелеу аясында Қырғызстанда Ыстықкөлде, Үндістан Үкіметі ұсынған жалпы йога хаттамасын, ұжымдық тәжірибесін өткізді.

43. 2016 жылдың 22 маусымында «Алматы-Қазақстан Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы» Екінші Халықаралық Йога күніне арналған « Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы» атты мерекелік бағдарламасын Қырғызстанда Ыстықкөлде ұсынды.

44. «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы» Қазақстан мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнауына 25 жыл толуына, Бхаратанатьям Үнді классикалық биі және Қазақ халық билерімен Қазақстан мен Үндістанда бірқатар концерттік бағдарламаларын өткізді:

– 14 наурыз 2017 жыл Алматы қаласында, Қазақ мемлекеттік Жамбыл атындағы филармониясында. Ресми бөлімін Үндістан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Харш Кумар Джайн және қоғам қайраткері, мәдени зерттеуші, Дипломат Әуезов Мұрат Мұхтарұлы мырзалар ашты.

– 25 наурыз 2017 жыл Ченнай қаласында, «Калакшетра» әсемдік өнер Колледжінде -Бхаратанатьям Үнді классикалық би өнерінің ең үздік керемет институтында. Бас қонақ – «Калаймамани» иегері, «Калакшетра» Гуруы Н.С. Джаялакшми, Құрметті қонақ – «Падма Бхушан» иегері, доктор Падма Субраманьям, Шри Арьякуди Музыкалық қорының вице-президенті Г. Рамануджем мырза, Ченнай қаласындағы аймақтық Мәдени Байланыстар Жөніндегі Кеңестің (ICCR) басшысы С.Маноранджитам ханым.

– 28 наурыз 2017 жыл Нью Дели қаласындағы, Мәдени Байланыстар Жөніндегі Кеңестің (ICCR) концерт залында. Кештің Бас қонағы – Мәдени Байланыстар Жөніндегі Кеңестің (ICCR) бас директорының орынбасары Шри Ванлалхума; Құрметті қонақ – Үндістан Елшілігінің Алматыдағы Үнді мәдени орталығының басшысы Пунчок Стобдан мырза; Құрметті қонақ – Үндістан Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің бас консулы Руслан Ахмет мырза.

– 29 наурыз 2017 жыл Нью Дели қаласындағы, «Дели Карнатака Сангха» залында. Кештің Бас қонағы – Үндістан Республикасындағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшшісі Болат Сәрсенбаев, Құрметті қонақ – Нью Дели қаласындағы «Nayak Group» компаниясының басшысы Арвинд Наяк мырза.

– 31 наурыз 2017 жыл Нью Дели қаласы, «Vasant Valley Shool» Үндістандағы бірден бір керемет жекеменшік мектебінде.

45. Үшінші Халықаралық Йога күні Қазақстанда:

2017 жылдың 18-ші маусымында Алматыда Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Үшінші Халықаралық Йога күнінде Орталық үлес қосушы сертификатпен марапатталып және өз өнерін көрсетті.

2017 жылдың 21-ші маусымында Х. Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік Университетінің Спорткомплексінде Үшінші Халықаралық Йога күніне арналған Үндістан Үкіметінің хаттамасына сәйкес, Йога ілімінің көрсетілімі және ұжымдық тәжірибесі өткізілді.

Үшінші Халықаралық Йога күніне арналған мерекелік бағдарламасын паш етті.

46. 2017 жылдың 19-шы қыркүйегінде, Сан-Франциско қаласында Калифорния Интегралдық Зерттеу Университетінің шақыруымен Ақмарал Қайназарова «Бхаратанатьям Үнді классикалық биіндегі Раса» атты –дәріс- демонстрациясын және концерт өткізді.

47. 2017 жылдың 20-шы қыркүйегінде Силикон алқабының қақ ортасында орналасқан «DIL Dil Ki Awaaz» радиосына сұхбат берді, Сан-Хосе қаласы, АҚШ.

48. 2017 жылдың 21-ші қыркүйегінде Ақмарал Қайназарова «Пампа» Би Академиясының түлектеріне дәріс-демонстрациясын өткізді, Саннивейл қаласы, АҚШ.

49. 2017 жылдың 22-ші қыркүйегінде НАВАРАТРИ мерекесін мерекелеу қарсаңында Ақмарал Қайназарова ғибадатханада және Қоғамдық Орталығында Бхаратанатьям биімен концерт көрсетті, Саннивейл қаласы, АҚШ.

50. 2017 жылдың 23-ші қыркүйегінде Йога орталығында Ақмарал Қайназарова «Сантоша (толық қуаныш және қанағаттану) – Нияманың екінші компоненті – Йоганың сегіз бөлігінің бірі» атты биден және йогадан мастер-класс өткізді, Беркли қаласы, Калифорния.

51. 2017 жылдың 30-шы қыркүйегінде ғибадатханада Бхаратанатьям биімен өнер көрсетті, Лос-Анджелес қаласы, Калифорния.

52. 2017 жылдың 14–нен 27-ші қазан аралығында «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығында» Ченнай қаласынан келген танымыл хореограф және Гуру Шри П.Т. Нарендранның Бхаратанатьям класссикалық стилінен мастер-кластары өтті.

53. «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога орталығы» бастамасы бойынша Қазақстанда, Үндістаннан SPIC MACAY зияткерлік және білім беру бағдарламасының жаңа тарауы басталды. Осыған байланысты, 2017 жылдың 2-ші қарашасынан 6-шы қарашасына дейін Нью-Делиден келген танымал хореограф және Гуру Шри Раджендра Ганганидің Катхак классикалық стилінің мастер-кластары өтті.

54. 2017 жылдың 10-шы қарашасыда «Бейбітшілік және келісім сарайында» (Пирамида) «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы» Ұлттық бизнес-рейтингінің 40-шы жыл сайынғы салтанатына қатысып, Республика би топтары арасында сәтті жұмыс істегені үшін «2017 ЖЫЛ ЛИДЕРІ» атты ұлттық сертификатына ие болды.

55. 2018 жылдың 28 ақпанында Алматы қаласында Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік Филармониясында, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақмарал Қайназарованың творчестволық шығармашылығының 20 жылдығына және «Жаңадан бастауышыларға арналған Бхаратанатьям Үнді классикалық биі» атты қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде төрт бөліктен тұратын алғашқы оқу бейне материалының шығуына мерекелік концерті өтті.

56. 2018 жылдың 12-ші маусымында «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы» Тұран Университеті, Қазақстандағы Үндістан Елшілігі, Үндістан Елшілігінің Үнді Мәдени Орталығы бірлесе отырып Төртінші Халықаралық Йога күнін өткізді. Бағдарламада Үндістан Үкіметінің хаттамасына сәйкес, Йога ілімінің көрсетілімі және ұжымдық тәжірибесі болды.

57. 2018 жылдың 28- ші тамызында Ақмарал Қайназарова Канаданың Торонто қаласында қазақ  халық биінен   мастер-класс өткізді.

58. 2018 жылдың 30-шы тамызында  Торонтода «Нұр» мәдени орталығында Ақмарал Қайназарова «Анар Бағы» атты  Азия би және музыка кешінде қазақ халық билерімен әсем өнер көрсетті. Шараға Канададағы Қазақстан Республикасының  Елшілігінің консулы Алмасбек Омаров және Торонтодағы  қазақ қауымдастығы  қатысты.

59. 2018 жылдың  31-ші  тамызында Торонтодағы үнді храмында Ақмарал Қайназарова  Бхаратанатьям үнді классикалық биінің концертін ұсынды.  Бағдарламаның басты қонағы  Үнді классикалық биінің  шебері Менака Таккар ханым қатысты.

60. 2018 жылдың қыркүйегінде Ақмарал Қайназарова Калифорнияның (АҚШ)  Саннивейл қаласында үнді храмында Бхаратанатьям стилінде әсем өнерін  көрсетті.

61. 2018 жылдың қыркүйегінде Ақмарал Қайназарова Калифорниядағы Ұлы Жібек жолы үйінде қазақ биінен мастер-класс өткізді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Сан-Франциско қаласындағы өкілі Стайнер Элизабет Мэри ханым осы іс-шараға белсенді қатысты.

62. 2018 жылдың 3-ші қарашасында «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога орталығы» Қазақстандағы Үндістан Республикасының Елшілігі және Астана қаласындағы Үндістан Елшілігінің  Свами Вивекананда атындағы Мәдени Орталығының қолдауымен Дивали Үнді фестивалінің қарсаңында және орталықтың қалаушысы,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақмарал Қайназарованың шығармашылығына 20 жыл толуына орай Астанада есеп беру концерті өтті.

63. 2019 жылдың 12 қаңтарында Ченнай қаласында  Ақмарал Қайназарова  Үнді классикалық Бхаратанатьям биімен, ұстазы және тәлімгер, 1956 жылдан бері Үндістан – Ресей әйелдер қауымдастығы президенті және үнді мәдениеті және достық қоғамының белсендісі,  орыс және санскрит тілінің маманы – Джанаки Кришнан ханымды еске алу кешін өткізді. Іс-шараның ресми бөлімін Ресей ғылымы және мәдениет орталығының директоры Геннадий Рогалев ашты.

64. 2019 жылдың 27 қаңтарында Үндістанның Қазақстандағы Елшілігінің шақыруы бойынша «Алматы – Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы» Үндістан Республикасының 70 жылдығын мерекелеу және Алматыдағы Үндістан күндерінің ашылу салтанатына орай Үнді классикалық Бхаратанатьям, Катхак билерімен өнер көрсетті. Ресми құттықтау сөздерімен Қазақстан Республикасындағы Үндістан Республикасының Елшісі Прабхат Кумар және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматыдағы Бас өкілі Руслан Бультриков ашты.

65. «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы» 2019 жылы 23нен 28- ші наурыз аралығында Ллорет де Мар қаласының мэриясының қолдауымен және Испания мәдени мекемелерімен бірлесе отырып Испания елінің Коста Брава танымал жағалауында өткен «Еуропадағы шығармашылық марафон» атты халықаралық байқауға қатысты.

Қазылар алқасының шешімі бойынша «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы» «этникалық би» номинациясы бойынша үнді классикалық Бхаратанатьям биін орындағаны үшін бірінші орынға ие болды және  «халық билері» номинациясы бойынша қазақ халық биін орындағаны үшін бірінші орынға ие болды.

66. 23–ші маусымда «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы» Қазақстандағы Үндістан Елшілігі, Свами Вивикананда атындағы Үнді Мәдени Орталығы, Ақмола облысындағы Зеренді ауданы, «Ақ-Данат» демалыс саябағымен бірлесе отырып Халықаралық Бесінші Йога күнін атап өтті. Мерекеге Көкшетау, Нұр-Сұлтан, Алматы, Степногорск, Қызылорда қалаларының өкілдері жиналды. Іс-шараның ресми бөлігін Қазақстандағы Үндістан елшілігінің өкілі Мукеш Кумар Батар, Зеренді ауданының Ақмола облысының әкімі Берікжан Әбутәліпов, Ақмола облысының Туризм қауымдастығының төрағасы Шынарбек Батырханов мырзалар ашты.

67. 2019 жылғы 15 тамызда Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер мұражайы, «Алматы-Қазақстан» Унді Классикалық Биі және Йога Орталығы және Н.К.Рерих атындағы мәдени орталық, Үндістанның тәуелсіздік күніне арналған іс-шараны өткізді.Бағдарламада: «Алматы-Қазақстан Үнді Классикалық Биі және Йога орталығының» концерті, «Рерихтер және Үндістан» бейне-дәрісі, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Ботагөз Нұрпейісованың үнді тақырыптарына арналған суреттер көрмесі. Құттықтау сөздері: Қастеев атындағы Мемлекеттік музейдің директоры Шалабаева Г.К. ханым, Алматыдағы Үндістан Елшілігінің консулы Мартин С.К. мырза, «Тенгри Банк» акционерлік қоғамы төрағасының міндетін атқарушы Паван Сингх мырза.

68. «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога орталығы», Алматы қаласындағы Махатма Ганди атындағы № 92 мектеп-лицейімен бірлесе отырып Махатма Гандидің туғанына 150 жыл толуына арналған: «Махатма Гандиге музыкалық құрмет» атты мерекелік бағдарлама өткізді.

Бағдарлама 2019 жылдың 30-шы қазанында Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Студенттер сарайында және 2019 жылдың 1-ші қарашасында Нұр-Сұлтан қаласында «Qazaqstan» Орталық концерт залында өтті.

30-шы қазанда, Алматы қаласындағы бағдарламадағы құрметті қонақтар – Санджай Гарг мырза – Свами Вивекананда атындағы Үнді Мәдени Орталығының директоры, Үндістан Елшілігінің Бірінші Хатшысы, Қонаев Диар Асқарұлы мырза – «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының директоры – достық, бейбітшілік және келісім шамын жақты.

1-ші қарашада, Нұр-Сұлтан қаласындағы бағдарламадағы құрметті қонақтар – Прабхат Кумар мырза – Үндістанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті ЕлшісіМәжитов Саттар Фазылұлы мырза – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық Келісімінің» директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик, Қосанов Расул Сагидрахманұлы мырза – «Тенгри Банк» Акцоинерлік Қоғамының Басқарушы директоры-достық, бейбітшілік және келісім шамын жақты.

Бағдарламада Махатма Гандидіңөмірінен драмалық үзінділер, халық билері және үнді классикалық Бхаратанатьям, Катхак билері көрсетілді.

69. 2019 жылдың 13-17 қараша аралығында Ақмарал Қайназарова АҚШ-тың Флорида штатының Халландал қаласында өткен Бесінші Халықаралық би зерттеулер конгресіне қатысты. Үнді классикалық Бхарататаньям биінен дәріс – сабағын және концерттік қойылымды ұсынды. Дәріс-классы «Бхарататаньям» стилін орындау техникасының маңызды аспектілері мен осы бидің философиялық құрамдас бөліктерін қамтыды. Оған хореография профессорлары, би зерттеушілері, хореографтар, тәрбиешілер және би сыншылары – АҚШ, Польша, Италия, Словения, Солтүстік Македония, Гаити, Франция, Аргентина елдерінен келген Халықаралық би кеңесінің (CID) өкілдері қатысты.

70. Үндістанның Қазақстандағы Елшілігінің шақыруымен «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы» Алматыда, 2020 жылдың 27-ші қаңтар күні Үндістан Республикасының күнін мерекелеу қарсаңында Бхаратанатьям, Катхак үнді классикалық және Үндістанның Орисса, Гуджарат штаттарының халық билерін ұсынды.

71. 2020 жылдың 7 наурызында, «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы» және Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұражайы бірлесе отырып Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толуына, Махатма Гандидің 150 жылдығы және 2006 жылдың наурыз айында құрылған «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығының» туған күніне арналған  «Үндістан билері: ежелгі өнер тарихы»  атты іс-шараны өткізді.

72. 2020 жылдың 20-шы қыркүйегінде, «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы» Нұр-Сұлтандағы (Қазақстан) Үндістан Елшілігінің Свами Вивекананда атындағы Мәдени Орталығымен бірлесе отырып онлайн Ашық есік күнін өткізді. Іс-шараның мақсаты – Үндістанның ғажайып мәдениетімен және Орталықтың барлық бағыттағы жұмыстарымен таныстыру.

73. 2020 жылдың  24-ші  қазанында,  «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы» Нұр-Сұлтандағы (Қазақстан) Үндістан Елшілігінің  Свами Вивекананда атындағы Мәдени Орталығымен бірлесе отырып «Қазақ  халық биі және Үнді классикалық биі»  атты  онлайн  бағдарламасын  өткізді. Іс-шараның мақсаты – би өнерінің екі елдің мәдени байланысын нығайтудағы маңызы  және екі дәстүрдің ұқсастығы мен айырмашылығын жеткізу.

74. Тұңғыш Президенті және Үндістанның Конституциясы күндері қарсаңында, 2020 жылдың 28-ші қарашасында, «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы» Нұр-Сұлтандағы Үндістан Елшілігінің Свами Вивекананда атындағы Мәдени Орталығымен бірлесе отырып, «Жан мен Тәннің үндестігі: Үнді Классикалық Биі және Шығыс жекпе – жек өнер түрлері» атты онлайн концерт өткізді.

75. «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы» 2020 жылдың 9-шы  желтоқсанында, Нұр-Сұлтандағы Үндістан Елшілігінің Свами Вивекананда атындағы Мәдени Орталығымен бірлесе отырып, «Ғажайып Үндістан» журналының негізін қалаушы және бас редакторы Алпысбай Шымырбайұлы» мырзаны «Еске алу» кеші атты  онлайн бағдарлама өткізді. Бағдарламаның мақсаты – 25 жыл бойы Үндістан туралы халықаралық журналды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде талмай шығарған адамды еске алу.

76. 2021 жылдың  23-ші  қаңтарында,  «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық  Биі және Йога Орталығы» Нұр-Сұлтандағы  Үндістан Елшілігінің  Свами Вивекананда атындағы Мәдени Орталығымен бірлесе отырып, Үндістан Республикасы күні  қарсаңында «Үндістан мәдениетінің көп бейнесі» атты онлайн концерт өткізді.

77. 2021 жылдың  13-ші  наурызында,  «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық  Биі және Йога Орталығы» Нұр-Сұлтандағы  Үндістан Елшілігінің  Свами Вивекананда атындағы Мәдени Орталығымен бірлесе отырып Орталыққа 15 жыл толу қарсаңында,  Наурыз және Холи мерекелік онлайн концерт өткізді.

78. 2021 жылдың  24-ші  сәуірінде,  «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық  Биі және Йога Орталығы» Нұр-Сұлтандағы  Үндістан Елшілігінің  Свами Вивекананда атындағы Мәдени Орталығымен бірлесе отырып,  Халықаралық Би күні  қарсаңында  онлайн концерт өткізді. Фейсбук пен Инстаграм жүйесінде әр түрлі әлем елдерінен 500-ден астам көрермен онлайн-бағдарламаны тамашалады.

79. 2021 жылдың 19 маусымында «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы» атындағы Мәдени Орталығымен бірлесе отырып Халықаралық Йога күніне арналған Йога Ілімінің көрсетілімі және Ұжымдық Хаттамасына сәйкес тәжірибесін онлайн өткізді.

80. 2021 жылдың 19 маусымында «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы», Алматыдағы Йога Прадня Институты, Нұр-Сұлтан қаласындағы Үндістан Елшілігінің Свами Вивекананда атындағы Мәдени Орталығымен бірлесе отырып Халықаралық Йога күніне арналған мерекелік концерт өткізді. Концертті Алматыдағы Үндістан өкілдігінің Консулы Амит Мишра мырза салтанатты түрде ашты.

81. 2021 жылдың 13 тамызында Үндістанның Тәуелсіздігіне 75 жыл толу қарсаңында «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығының» жаңа кеңсе кеңістігі ашылу салтанаты өтті.

82. 2021 жылдың 13 тамызында, Үндістанның Тәуелсіздігіне 75 жыл толу қарсаңында «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы», Нұр-Сұлтан қаласындағы Үндістан Елшілігінің Свами Вивекананда атындағы Мәдени Орталығы, Тұран Университетімен бірлесе отырып Свами Вивекананда атындағы Үнді Мәдени Орталығының әртістерінің қатысуымен мерекелік ONLINE концертін өткізді.

Іс -шараның Құрметті қонақтары – Үндістан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі – Шубдаршини Трипати ханым мен Тұран Университетінің Проректоры Гүлжанат Таяуова ханым.

83. 2021 жылдың 10-шы тамызында, жаңа оқу жылының басталуына орай «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы», Нұр-Сұлтан қаласындағы Үндістан Елшілігінің Свами Вивекананда атындағы Мәдени Орталығымен бірлесе отырып, Орталықтың жаңа кеңсесінде, Алматы қаласында онлайн Ашық Есік Күні атты мерекелік бағдарламасын өткізді.

84. 2021 жылдың 5 қарашасында «Дивали» үнді фестиваліне арналған концерт өтті. «Алматы-Қазақстан, Үнді классикалық биі және йога орталығы» Нұр-Сұлтан қаласындағы Үндістан Елшілігі жанындағы Свами Вивекананда атындағы Үнді мәдени орталығымен бірлесе отырып, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті Үндітану бөлімінің және Қазақстан-Ресей медицина университеті студенттерінің қатысуымен Алматыда Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің залында Дивали мерекесін атап өтті.

85. «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы» 2021 жылдың 24 желтоқсанында, Нұр-Сұлтан қаласындағы Үндістан Елшілігі мен Свами Вивекананда атындағы Үнді Мәдени Орталығымен бірлесе отырып, ақын, аудармашы, журналист, Үндістан Президенті ұсынған Падма Шри сыйлығының лауреаты – Әубәкір Нілібаев мырзаны Еске алу кеші атты онлайн бағдарлама өткізді.

86. 2022 жылдың 28 қаңтарында «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы» Нұр-Сұлтан қаласындағы Үндістан Елшілігінің жанындағы Свами Вивекананда атындағы Үнді Мәдени Орталығымен бірлесе отырып, Үндістан Республикасы Күнін мерекелеуге арналған концерт өткізді. Басты қонақ – Дхирадж Рамананд мырза, Свами Вивекананда Үнді Мәдени Орталығының директоры, Үндістан Елшілігі, Нұр-сұлтан қаласы.

87. 2022 жылдың 25 ақпан күні «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы» Нұр-Сұлтан қаласындағы Үндістан Елшілігінің жанындағы Свами Вивекананда атындағы Үнді Мәдени Орталығымен бірлесе отырып, Қазақстан мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай концерт өткізді.
Бағдарламаның басты қонақтары: Санджай Веди мырза, Нұр-Сұлтан қаласындағы Үндістан Елшілігінің жанындағы Свами Вивекананда атындағы Үнді Мәдени Орталығының директоры және Алмаша Аренова ханым, ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдігінің саяси ынтымақтастық басқармасының басшысы.

88. Қазақстан мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауының 30 жылдығын мерекелеуге орай «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы» Үндістанда бірқатар концерттер өткізді:
2022 жылдың 10 наурыз күні Нью Дели қаласындағы ICCR концерт залында. Басты қонақтар: Чинмой Наик мырза – ICCR Бас директорының орынбасары және Сейтенов Дархан мырза – Қазақстанның Үндістандағы Елшілігінің кеңесшісі.
2022 жылдың 12 наурызында Нью Дели қаласындағы Delhi Karnataka Sangha концерт залында. Басты қонақтар: Сейтенов Дархан мырза – Қазақстанның Үндістандағы Елшілігінің кеңесшісі, Имконгла Джамир ханым – Карнатака штатының Нью-Делидегі тұрақты өкілі және Навин Саке Лакшман мырза -Үндістан үкіметінің хатшысы.
2022 жылдың 16 наурыз күні Нью-Дели қаласындағы CSOI концерт залында, Чанакьяпури. Құрметті қонақтар: Жалғасбаев Нұрлан мырза – Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі және Харш Кумар Джейн мырза – сыртқы істер Министрлігінің хатшысы және Үндістанның Қазақстандағы бұрынғы елшісі.

89. 2022 жылдың 7 наурыз күні Шримати Рукмини Деви Арундейлді және Үндістанның ұлы Ұстаздарын еске алуға арналған Бхаратанатьям концерт. Ашрам ИША ашық театры, Коимбатор қаласы, Оңтүстік Үндістан.

90. 2022 жылғы 18 маусымда Алматы-Қазақстан Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы Үндістан үкіметінің йога хаттамасы бойынша сегізінші Халықаралық йога күніне арналған ашық сабақ өткізді.

91. 2022 жылдың 19 маусымында Алматы-Қазақстан Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы Алматы қ. Тұңғыш Президент саябағында сегізінші Халықаралық йога күнін мерекелеуге қатысты.

92. 2022 жылдың 3 шілдесі күні «Алматы – Қазақстан Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы» Прадня Йога институтымен, Өзбекстан суретшілер Одағының мүшесі, көркем суретші Анна Донецпен бірге Алматы қаласында «Панча Маха Бхутам» интеллектуалды бағдарламасын ұсынды. Іс-шараның басты қонақтары: Өзбекстанның Бас Консулы Аброр Фатхуллаев мырза және Алматы қаласындағы Үндістан елшілігі өкілдігінің басшысы Амит Кумар Мишра мырза.

93. «Планетарное Око» халықаралық этникалық Фестивалінің шақыруы бойынша «Алматы-Қазақстан, Үнді классикалық биі және Йога орталығы» 2022 жылдың 13-15 тамызы аралығында Қырғызстанда Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауында өткен Поэзия фестиваліне қатысты.
Үндістанның Тәуелсіздік Күніне арналған әсерлі бағдарламасына Үндістанның алты әйгілі бардтары мен ақындарының шығармашылығы мен поэзиясы енді: санскрит тіліндегі Джаядева (12 ғасыр), хинди және бенгал тілдеріндегі Рабиндранат Тагор (19-20 ғасыр), санскрит тіліндегі Пурандара Даса (16 ғасыр), хинди және урду тілдерінде Мирза Асадулла-хан Галиб (19 ғасыр), тамил тілінде Аруначала Кавираяр (18 ғасыр), тамил тілінде Гопалакришна Бхарати (19 ғасыр).

94. 2022 жылдың 30 қыркүйек күні «Алматы-Қазақстан, Үнді классикалық Биі және Йога Орталығы» «Әуезов үйі» ғылыми – мәдени орталығымен бірлесіп Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай бағдарлама ұсынды.
Басты қонақтар: Қонаев Диар Асқарұлы мырза – М.О.Әуезов Мұражай-Үйінің директоры және Амит Кумар Мишра мырза – Қазақстандағы Үндістан елшілігі өкілдігінің Консулы.
1955 жылы Мұхтар Әуезов жазған «Үндістан очерктері» бірегей бағдарлама жасауға шабыт берді. Онда жазушы сипаттаған әр аймақтың әндері мен билерінің қойылымымен осы кітаптан Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтің дауысымен жазылған үзінділер: Үнді классикалық билері, Орисса, Мадхья-Прадеш, Пенджаб, Раджастхан, Гуджарат штаттарының халық билері, қазақ халық биі қамтылды.

95. 2022 жылдың 1 қараша күні «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы» Ташкент-Өзбекстан, Үндістан Елшілігі жанындағы Лал Бахадур Шастри атындағы үнді мәдениеті Орталығымен бірлесіп, сондай-ақ «Хавас Гурухи» өзбек тобының қатысуымен Ташкент қаласындағы Түркістан Сарайында «Үнді мәдениеті фестивалі» мерекелік бағдарламасын өткізді. Бағдарлама Өзбекстан мен Үндістан арасында дипломатиялық байланыстар орнатудың 30 жылдығына арналды.
Басты қонақтар: Маниш Прабхат мырза – Үндістан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі және Айбек Нишанов мырза – Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер Министрлігінің өкілі.
Гала-концерт қонақтары – Қазақстан, Үндістан, Ауғанстан, Тәжікстан, Оман және Германия Елшіліктерінің өкілдері, сондай-ақ Ташкент қаласының зиялы қауымы.

96. 2022 жылғы 2 қарашада «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы» «Umrboqiy Meros» Өзбекстанның мәдениеті мен өнерін насихаттау Орталығымен, Өзбекстан йога Федерациясымен және суретші, Өзбекстан суретшілері шығармашылық одағының мүшесі Анна Донецпен бірлесіп Ташкент қаласындағы Өзбекстан Мемлекеттік өнер және мәдениет институтының «Оқу театры» үлкен залында «Панча Маха Бхута» зияткерлік бағдарламасын өткізді
Басты қонақтар: Маниш Прабхат мырза – Үндістан Республикасының Өзбекстандағы Елшісі, Ситеш Кумар мырза – Үндістан Елшілігі жанындағы Лал Бахадур Шастри атындағы үнді мәдениеті Орталығының Директоры, Лутфия Мирзаева ханым – «Umrboqiy Meros» Өзбекстанның мәдениеті мен өнерін насихаттау Орталығының директоры және Эльдор Шерманов мырза – Өзбекстан Мемлекеттік өнер және мәдениет институтының жастармен жұмыс жөніндегі Проректоры.

97. 2022 жылғы 4 қараша күні «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы» Өзбекстан Мемлекеттік хореография академиясымен бірлесіп, үнді классикалық және халық билері бағдарламасын, сондай-ақ хореография Академиясының залында Бхаратанатьям үнді классикалық биі бойынша шеберлік сыныбын өткізді. Бағдарламаны Өзбекстан Мемлекеттік хореография академиясының Ректоры – Шухрат Махмутович Тохтасимов ашты.

98. 2022 ж. 28 қарашада Астанадағы Үндістан Елшілігінің шақыруымен, «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога орталығының» басшысы Ақмарал Қайназарова ханым, Шымкент қаласының Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы (ОҚМА) мен Карнатака штаты, Майсор қаласының жоғары білім және зерттеулер Университеті (JSSAHER) арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюға арналған бағдарламаға қатысты.

99. 2023 ж. 6-11 ақпан аралығында Нью-Делиден келген йога сарапшы Чандра Маллик ханым Йога бойынша шеберлік сабақтарын өткізді және осы саладағы студенттерге жаңа бағыттар аша отырып «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога орталығында» Йога биін көрсетті.
2023 ж. 7, 8 және 11 ақпанында Чандра Маллик ханым Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің индология кафедрасында, сондай-ақ Тұран университетінде және Алматы қаласындағы Прадня Йога институтында «Йога-өмір салты» атты дәріс өткізді. Йоганы күнделікті өмірде практикалық қолдану аспектілері толық көлемде ұсынылды.

100. 2023 ж. 19 және 20 ақпанда «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога орталығының» басшысы Ақмарал Қайназарова ханым Үндістан Елшілігі жанындағы Свами Вивекананда атындағы Мәдени орталықта және Астана қ. Қазақ ұлттық Хореография Академиясында Бхаратанатьям үнді классикалық биі бойынша шеберлік сабақтарын өткізді.

101. 2023 жылдың 25 наурызында Ақтау қ. Достық Үйінде «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы» Бхаратанатьям үнді классикалық биі бойынша шеберлік мастер – классты өткізді. Оған Маңғыстау облысы М. Өскенбаев атындағы Филармонияның, Серік Сариевтің «Жорға» би мектебінің, аудандық Мәдениет үйінің 70 адамнан тұратын бишілері қатысты.

102. 2023 жылдың 26 наурыз күні Ақтау қ. Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театры Серік Сариевтің «ЖОРҒА» би мектебімен бірлесіп «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы» орындауында «Наурыз-Холи» атты түрлі-түсті бағдарламасын ұсынды. Концертті «Салем Намасте» Үнді этномәдени қауымдастығы төрағасының орынбасары – Хитеш Чандра Вадодария мырза және Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театрының директоры Гүлсина Миргалиева ханым ашты. Бағдарлама Маңғыстау ТВ және Ақтау ТВ телеарналарынан көрсетілді.

103. 2023 жылғы 19 сәуірде «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы» Алматы қ. 134 Лицейінің шақыруымен Әнуар Әлімжановтың «Отырардан жеткен сый» кітабы бойынша Оқырман гид бағдарламасына Бхаратанатьям концертімен қатысты. Басты қонақ – жазушының немересі Алан Әлімжанов. Сондай-ақ, №53 Қазақстан-Ресей мамандандырылған мектеп-лицейі, І.Есенберлин атындағы №25 гимназия, «Арай» білім беру орталығы қатысты.

104. 2023 жылғы 1 мамырда Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай Алматыдағы MEGA Park түрлі-түсті концерттік бағдарлама ұйымдастырды. «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы» халықтық үнді би бағдарламасына белсенді қатысты.

105. 2023 жылдың 18 мамыр күні «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы» Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында «Мұражайдағы түн» атты көркем бағдарламада өнер көрсетті. Халықаралық мұражай күнін мерекелеуді мұражай директоры Гүлайым Жұмабекова ашты.

106. 2023 жылдың 30 мамырында «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығының» басшысы Ақмарал Қайназарова ханым әйгілі журналист, жазушы, «Ғажайып Үндістан» журналының бас редакторы – Алпыспай Шымырбаевты еске алу және кітаптың тұсаукесері шығармашылық кешіне белсенді қатысты.

107. 2023 жылғы 3 маусымда Шымкент қаласындағы опера және балет театрының шақыруымен Ақмарал Қайназарова «ДАЛА СЫРЫ» әлем халықтарының би кешінде Бхаратанатьям өнерін ұсынды.

108. 2023 жылдың 14 маусым күні Алматы қаласының Ұлттық кітапханасында Ақмарал Қайназарованың «Үнді классикалық биі. Қазақстан және Үндістан» кітабының тұсаукесері өтті. Бұл Қазақстандағы және Орталық Азиядағы үнді классикалық биі бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі жалғыз басылым. Іс-шара модераторы – Сағымбай Қозыбаев мырза, ҚР Журналистика Академиясының президенті, профессор; Мұрат Әуезов мырза – мәдениеттанушы, Қазақстанның қоғам қайраткері; Хоти Лал мырза – Қазақстандағы Үндістан Елшілігінің бірінші хатшысы; Людмила Рудакова ханым – ҚР еңбек сіңірген қайраткері таспаны салтанатты кесуге қатысты.

109. 2023 жылғы 17 маусымда «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы» Әкімдікпен, Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімімен, Астана қ. Үндістан Елшілігінің Свами Вивекананда атындағы Үнді Мәдени Орталығымен бірлесе отырып, Павлодар қ. йога орталықтарының қатысуымен Халықаралық Йога күнін өткізді.

110. 2023 жылғы 17 маусымда «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы» Павлодар қаласының Әкімдігімен және мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесіп КСРО және Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР Еңбек сіңірген білім қызметкері – Ботагөз Нұрпейісованы еске алу кешін өткізді.

111. 8 қыркүйек 2023 ж. Ақмарал Қайназарованың Астанада АТҚҚ ШЫҰ Кеңесінің 40-шы отырысының делегаттары үшін өнер көрсетуі. Оның өнері Үндістан үкіметі Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығы Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшінің орынбасары – Панкадж Кумар Сингх мырзамен және Нью-Делиден келген жоғары лауазымды делегация мүшелерімен жоғары бағаланды.

112. 19 қазан 2023 ж. Алматы қ. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Классикалық үнді музыкасы мен би концерті», Бансури флейта мектебімен бірлескен жоба өтті.

113. 10 қараша 2023 ж. «Алматы-Қазақстан, Үнді классикалық биі және йога Орталығы» Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі Басқармасының және БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Орал қаласында «ДИВАЛИ» мерекелік концертін өткізді.

114. 13 қараша 2023 ж. Орал қаласындағы Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Үнді классикалық биі. Қазақстан және Үндістан» кітабының тұсаукесері өтті.

115. 29 қараша 2023 ж. Қазақ Ұлттық Хореография Академиясының кітапханасында және ZOOM онлайн форматында Ақмарал Қайназарованың «Үнді классикалық биі. Қазақстан және Үндістан» кітабының тұсаукесері. Шараны Қазақ Ұлттық Хореография Академиясының ректоры – Бибігүл Нүсіпжанова ашты. Модератор – Гүлнара Саитова – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Хореография Академиясының профессоры. Спикерлер: Панга Тоди Нарендран – Бхаратанатьям және Катхакали Үнді классикалық билерінің танымал хореографы, Калакшетра ұлттық маңызы бар институтының басқарушы кеңесінің құрметті мүшесі; Ая Қалиева – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор.

116. 1 желтоқсан 2023 ж. Астана қаласындағы ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасында «Үнді классикалық биі. Қазақстан және Үндістан» кітабының тұсаукесері. Модератор – Изим Тойған Оспанқызы – Қазақ ұлттық хореография академиясының профессоры. Құрметті қонақтар: Хоти Лал мырза – ҚР Үндістан елшілігінің бірінші хатшысы, Амангелдин Руслан мырза – ҚР Сыртқы Істер Министрлігі Азия-Тынық мұхит өңірі Департаменті Директорының орынбасары. Спикерлер: Ахмет Руслан – дипломат, 1993 жылдан 2020 жылға дейін Үндістандағы ҚР Елшілігінің Консулы, Мажитов Саттар – тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик; Мукушев Булат – Астана Бизнес-қоғамдастығының мүшесі.

117. 28 қаңтарда 2024 Алматыда Үндістанның Қазақстандағы Елшілігінің шақыруымен Үндістан Республикасының 75-ші Күнін Мерекелеуге арналған арнайы қойылым.

118. 20 және 22 ақпанда 2024 Рукмини Девидің туғанына 120 жыл толуына орай Батыс Бенгалияда Рабиндранат Тагор құрған «Вишва Бхарати» (Шантиникетан) және «Рабиндра Бхарати» (Калькутта) университеттеріндегі Үнді классикалық, халық және Қазақ халық билерiнiң бағдарламалары.

119. Ақмарал Қайназарова Нью-Делидегі CR Park Green Community Initiative (GCI) шығармашылық кеңістігі мен йога студиясының ашылу салтанатында Бхаратанатьям классикалық үнді бидi орындады.

120. Мұхтар Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай, Ақмарал Қайназарованың «Essays on India» by Mukhtar Auezov which is the first literary work on India in Kazakh literature» мақаласы ICCR журналында хинди тілінде «Gagananchal» (Vol 46 issue 4 (July-August) 2023, с 41-46) жарияланған.

121. Ақмарал Қайназарова Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 90 жылдығына және шығыстану факультетіндегі индология бөлімінің 25 жылдығына арналған «Үндістан және Еуразия елдеріндегі Үндітану Зерттеулерінің Бүгіні мен Келешегі» атты халықаралық конференцияға қатысты.