Орталық туралы

«Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы» дәстүрлі үнді мәдениетіне деген сүйіспеншілік пен құрметтің мәдени орталығы бола отырып, 2006 жылдан бері жұмыс істейді.

Орталықтың тарихы қызықты және жарқын жобаларға, жетістіктер мен отандық және шетелдік ұйымдармен жемісті ынтымақтастыққа бай. Осы жылдар ішінде Орталықта 5000-нан астам студент оқытылды. Үндістан үкіметінің стипендия орталығының ICCR және ITEC түлектері Үндістанның келесідей әйгілі институттарында Үнді классикалық биі мен йогасын оқуды жалғастырды: Калакшетра, Катхак Кендра, Шрирам Бхаратия Кала Кендра, S-VYASA Йога Институты және басқалары; АҚШ, Ұлыбритания, Аргентина, Жапония, Ресей және Үндістанда Бхаратанатьям мен Катхак өнерін сәтті таратуда.

Орталық жұмысының мақсаты – қазақстандықтарды рухани сауықтыру, жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін ашу және бірегей үнді классикалық биі мен йога арқылы ағзаны сауықтыру. Жоғары элиталық өнер арқылы әртүрлі ұлт өкілдері арасындағы өзара түсіністік пен келісім, үнді классикалық Бхаратанатьям, Катхак билерін, Үндістан мен Қазақстанның халық билерін терең зерттеу. Екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайту, тарихи жақындықты (Ұлы Жібек жолы) және екі ел мәдениеттерінің өзара байланысын түсіну.

«Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы» көптеген марапаттарға ие болды. Еуропадағы Халықаралық байқаудың Гран-При иегері; Бхаратанатьям классикалық биін орындағаны үшін «этникалық би» номинациясының және Польша, Испания, Грузия, Үндістанда өткен Халықаралық байқауларда қазақ халық биін орындағаны үшін «халық биі» номинацияларының жеңімпазы.

«Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы» ынтымақтасатын халықаралық және отандық ұйымдар тізімінде – Үндістанның Қазақстандағы елшілігі, Үндістанның Мәдени Қатынастар жөніндегі Кеңесі (Нью-Делидегі ICCR), Астана қаласындағы Үндістан Елшілігі жанындағы Свами Вивекананда атындағы Үнді Мәдени орталығы, Қазақстанның Үндістандағы елшілігі, Алматы қ. ЮНЕСКО, Астана қ. Қазақ Ұлттық хореография академиясы, Алматы қ. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы қ. «Тұран» университеті, Махатма Ганди атындағы №92 Лицейі, «ӘуезовҮйі» Ғылыми-мәдени орталығы, Алматы қ. Ұлттық кітапханасы және Астана қ. ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасы, Ақтау қ. Серік Сариевтің «Жорға» би мектебі, Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы, Н.К.Рерих атындағы Мәдени орталығы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Тянь-Шань Тайцзи-Цуань Федерациясы және басқа ұйымдар.

2008 жылдың 7 тамызында Орталық Үндістанның Вице-Президенті Мохаммад Хамид Ансари мырза мен Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметіне Астана қ. Президенттік Мәдени орталығында маңызды қойылым өткізді.

2015 жылғы 8 шілдеде Астана қаласында Үндістан Премьер-Министрінің Қазақстанға ресми сапары аясында Ақмарал Қайназарова ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мырза мен Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди мырза үшін «Ақорда» Президент сарайында Бхаратанатьям үнді классикалық биімен өнер көрсету зор құрметіне ие болды.
Орталықтың әртараптандырылған қызметі барысында, 2023 жылғы 14 маусымда Алматы қаласының Ұлттық кітапханасында Ақмарал Қайназарованың қазақ және орыс тілдерінде «Үнді классикалық биі. Қазақстан және Үндістан» кітабының тұсаукесері өтті. Бұл басылым посткеңестік кеңістіктегі Үнді классикалық биі және Қазақстандағы стильдендірілген үнді биін дамыту бойынша жалғыз басылым болып табылады. Бұл кітап екі тілде Қазақстан Республикасының Президенті – Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітапханасына енгізілу құрметіне ие болды.

2023 жылғы 8 қыркүйекте Ақмарал Қайназарова Астанада АТҚҚ ШЫҰ Кеңесінің 40-шы отырысының делегаттары үшін би ұсынылды. Оның өнерін Панкадж Кумар Сингх Мырза – Үндістан үкіметі Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісінің орынбасары және Нью-Делидегі жоғары лауазымды делегация мүшелері жоғары бағалады.
Орталық халықаралық зияткерлік жобаларды тұрақты түрде өткізеді. Мекеме құрылғаннан бері өткізілген қайырымдылық іс-шараларының, концерттер мен шеберлік сабақтары туралы толық ақпаратты «Жобалар» бөлімінен табуға болады. «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығы» Бхаратанатьям мен Катхак сияқты ежелгі классикалық үнді биінің түрлерін, сондай-ақ терапевтік Йоганы үйрету үшін Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы және жалғыз ұйым болып табылады. Орталықта балалар, жасөспірімдер, 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер айналысады.

Акмарал Кайназарова

«Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығының» негізін қалаушысы және хореографы – Ақмарал Қайназарова, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Мемлекеттік награда иегері – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолы қойылған «Шапағат» медалі. 2003 жылы Голливудта (АҚШ) өткен сахналық өнерден жетінші әлем Чемпионатында «этникалық би» номинациясы бойынша әлем чемпионы. Алматы қ. Әл-Фараби атындағы ҚазМУ журналистика факультетінің түлегі. Қазақстаннан алғашқы ICCR студенті, Бхаратанатьям Үнді классикалық биі бойынша (Үндістан Үкіметінің Мәдени Қатынастар жөніндегі Үнді Кеңесінің (ICCR) шақыруы және стипендиясы) Үндістанның Ченнай қаласындағы «Калакшетра» Ғажайып би Өнері институтының түлегі. Бхаратанатьям және хореография магистрі, Ченнай қ. Мадрас Университетінің санскрит факультетінің терапевтік йога дипломының иегері. Ақмарал Нью-Делидегі Үндістан Үкіметінің Мәдени Қатынастар жөніндегі Үнді Кеңесінің (ICCR) Бхаратанатьям кәсіби орындаушыларының құрамына кіреді. Ол өз өнерін Қазақстан, Үндістан, Тәжікстан, АҚШ, Греция, Польша, Грузия, Канада, Испания, Қырғызстан, Өзбекстанның беделді сахналарында көрсетті.